Қарсақ бастауыш мектебіндегі «Адал ұрпақ» клубының қаңтар айында орындаған жұмысының есебі
«Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының негізгі міндеттері мектепте сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты нығайту бойынша бастамаларды көтермелеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы іс-шараларды ұйымдастыру болып табылады. Осындай міндеттерді негізге ала отырып, біздің мектепте де «Адал ұрпақ- болашақ негізі» атты тақырыбында жиын өтті. Мектеп ұжымы мен 2- 4 сынып оқушыларының қатысуымен өткен жиын мектепте аса өнегелі, жауапты бастамашыл және әлеуметтік құзырлы азаматты немесе патриотты қалыптастыру үшін жағдайлар жасау, заң аясында түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатын көздеді. Жиын барысында жетекші Р.Н.Нұртаева ел тарихына шолу жасап, мемлекеттік қызмет пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимылдар жайында бейнеролик көрсетті. Мектеп меңгерушісі сөз сөйлеп, жиынның маңыздылығына тоқталды. Еліміздің алдыңғы дамыған елдер қатарына енуіне, мемлекетімізді өркендетуде болашақ ұрпаққа білім мен тәрбие бере отыра, оқушылардың биік жетістерге жететіндеріне сенім білдірді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубының жұмыс жоспарына сәйкес желтоқсан айында «Біз жемқорлыққа қарсымыз!» атты тақырыпта ата-аналар жиналысы өтілді. Жиналысқа 2- 4 сынып ата-аналары қатысып, жетекшілері керекті мәлімет берді. Жиналыс барысында құқықтық тәрбиелеуде және құқықбұзушылықтарға, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа, төзбеу мәдениетін қалыптастыруда отбасының рөлі көрсетілді. «Бүгінгі оқушы ертеңгі еліміздің, жарқын болашағымыздың айқын бейнесі»-деген қорытындыға келді. Аталмыш тақырып бойынша бейне-фильмдер мен «Жемқорлық дегеніміз не?», «Жемқорлықтың қалай алдын алуға болады» тақырыптарында ақпараттар беріліп, ата-аналар бір ауыздан жемқорлыққа қарсы екендерін білдіріп, өз балаларын адал етіп, өз елін, жерін сүйетін патриот болуларына тәрбиелейтіндіктері туралы айтты. Жиналыстың қорытындысы бойынша мектеп меңгерушісі Б.Қ.Ағбаева сөз сөйлеп, жиынның маңыздылығына тоқталды. Еліміздің алдыңғы дамыған елдер қатарына енуіне, мемлекетімізді өркендетуде болашақ ұрпаққа білім мен тәрбие бере отыра, оқушылардың биік жетістерге жететіндеріне сенім білдірді.
Мектеп оқушыларының арасында «Жемқорлыққа жол жоқ!» тақырыбында сурет көрмесі өткізілді. Көрменің мақсаты: оқушыларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиелеудің негізгі міндеті – құқықтық сананы қалыптастыру болды.