«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Қарсақ ауылының бастауыш мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Начальная школа села Карсак отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Оқу-тәрбие жұмысының сараптамасы

Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер-бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр.

Н.Ә.Назарбаев

 

  Мектеп-жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беретін, білім ордасы,бірнеше ғасырлар бойы жиналып сақталған ел мұрасын келешек ұрпақ игілігіне жеткізе алатын мәдени ошақ, ұлттық тәлім-тәрбие орталығы. Ұлттық мектеп тағдыры қай қилы заманда да, қай ұлттың болсын көзі ашық, көкірегі ояу, ұлтжанды азаматтарын толғандырып келген ең өзекті мәселелердің біріне саналды.

 

 1-қыркүйек «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» мақаласы аясында «Білім күніне» арналған салтанатты жиын өткізілді.

 

  Бекітілген жоспар бойынша «Рухани жаңғыру» мақаласы аясында 1-4 сынып оқушыларына алғашқы «Саналы ұрпақ-жарқын болашақ»атты ашық тәрбие сағаты өткізілді.

 

 

 

 

 

 

 

2019-2020 оқу жылы алдымызға қойған мақсатымыз: «Ауылдық шағын жинақталған мектеп жағдайындағы бастауыш буын білімінің сапасын көтеру» Бұл тақырып оқу үрдісін дамытуға бағытталған.

 Осыған байланысты мұғалімдер келесі міндеттерді шешуге қатысты:
  Білім сапасы - басты көрсеткіш. Барлық сыныптағы оқушылардың білім сапасы деңгейін жаңа қабылданған білім стандарты талаптарына сәйкестендіру үшін күш салу; 

     1.Күнтізбелік жоспарлар талапқа сай әзірленуін назарда ұстау; 
     2. Оқушылардың құзіреттілігін қалыптастыра отырып , оқу-тәрбие жұмысының мазмұнын жандандыра түсу;

    3.Әр мұғалім өзінің білімін, біліктілігін жетілдіру;

    4.Сабақтарға қатысып, тәжірибе алмасу;

5.Мәселені бірлесе отырып шешу;

      6.Аудан көлеміндегі өткізілетін семинарларға қатысып, біріктірілген   сыныптар,жаңартылған білім мазмұнының  мәселелерін шешу жолдарын қарастыру;

  Мектебіміздің тақырыбын ашу үшін , алға қойған міндеттерді  шешу үшін мектепте педагогикалық кеңестер, сыныптан тыс жұмыстар, мектепішілік бақылаулар жыл бойы жүргізілді.Оқумен қатар «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша, «Адал ұрпақ»еріктілер клубы мүшелерімен жоспарланған жоспарға сәйкес көптеген тәрбиелік мәні бар іс-шаралар уақытында ұйымдастырылып өткізілді.

    Оқу жылының басында мектебімізге 8оқушы қабылданды. Оқушылар оқулықтармен толық қамтылды.Сабақ кестесі құрылып,бекітілді.     Мұғалімдердің күнтізбелік жоспаралары бекітілді.Жан-жақты оқуға қамту бойынша әр мұғалім жұмыс атқарды.Жаппай біліммен қамту айлығында әр мұғалімге оқушылардың тұрмыс мекені бойынша мөлтек аудандар бекітілді.Өз ауданына қарасты мұғалімдер жыл бойы оқушылардың сабаққа қатысуын,оқу үлгерімін қадағалап тексеріп отырды.

  Мектеп табалдырығын алғаш аттаған 1-ші сынып оқушыларын ерекше назарға алып,мектепке бейімделулеріне жағдайлар жасалды.

  Қыркүйек айының 5-18 аралығында рухани жаңғыру аясында «Ананың тілі-жүректің үні» атты тілдер мерекесінің онкүндігі өтті.5 қыркүйек тілдер мерекесінің салтанатты  ашылуымен мектеп басшысы Баян Қажыбайқызы құттықтады.

 

 

 

 Оқушыларды құрылған жоспармен таныстырды.Әр күнде жоспарға сай іс-шаралар өтіп отырды. Сынып жетекші Роза Нұрмәдиқызының ұйымдастыруымен 1-4 сыныптар арасында сынып сағаты өтті.

 «Әрқашан күн сөнбесін»ойыны арқылы күн сәулесіндегі сұрақтар мен жұмбақтарды шештірді.Оқушылар өздерінің өлеңдерін оқыды.

  2-6 қыркүйек аралығында мектепте «Денсаулық апталығы»өткізілді.Іс-шараға 1-4 сынып оқушылары қатысты.Апталық күндегі таңғы жаттығудан басталып отырды.Жоспар құрылып,бекітілді.Әр күн жоспар бойынша жұмыстар ұйымдастырылып өтіп отырды.

  Мақсаты:

-жас ұрпаққа адам денсаулығының қымбаттылығын,,өмір сүру үшін қажетті бағалы байлық екендігін түсіндіру.

-денесін шынықтыруға,шымыр да шапшаң,ұқыпты да жинақы,әдемі болуға тәрбиелеу.

 

 

 

 

 

  Мектебімізде 6-14 қыркүйек аралығында «Отбасы-бақыт мекені»атты апталық өтті.

Мақсаты: бала тәрбиесіндегі ата-ананың  алатын орны ерекше екендігін түсіндіру.Отбасы мүшелері арасындағы бауырмалдық,достық қарым-қатынасты қалыптастыру,отбасы мемлекетіміздің бір бөлшегі екенінұғындырып,оқушыларды ынтымақ пен ұжымға тәрбиелеу.

 Әр күн оқушылармен бекітілген жоспар бойынша іс-шаралар өтіп отырды.

Сынып жетекші Нұртаева Р.Н «Отбасы-бақыт мекені» атты ашық сынып сағатын ұйымдастырып өткізді.Оқушылардың ата-аналары қатысты.Сынып жетекші Ағбаева Б.Қ Отбасы тәрбие бастауы»атты баяндама оқыды.Сынып сағатында оқушылар бірнеше тапсырмалар орындады.Отбасы туралы мақал-мәтелдер,өлең оқыды.Іс-шараның екінші бөлімі сайыс түрінде өткізілді.Баян қажыбайқызы ата-аналармен оқушыларды шаттық шеңберіне шақырып бірнеше тапсырмалар жүргізді.Әр отбасы өздерін таныстырды.әділқазылар сайланды.Өнерлерін көрсетті.Ертегілер айтылды.Дәм-думан,сән үлгілері көрсетілді.Әр ата-ана алдын ала оқушылардың салынған сурет көрмесінен өз баласының суреттерін тауып алды.Мереке соңында әр отбасына номинациялар бойынша мадақтама табыс етті.Іс-шара дастарқан басында өз жалғасын тапты.

 

 

 

 

 

    

 

   

 

 

 

Үлкенді сыйлау,оларға құрмет көрсету-ата-бабадан келе жатқан салтымыз.

   Жылдағы дәстүр бойынша 17- қазан күні мектепте «Қарттарын қадірлеген ел ардақты»атты тәрбиесі зор  іс-шара өтті. Шараға мектебіміздің ардагерлері Байболов Қаирбек пен Нұртаева Боталай,оқушылардың ата-әжелері және Троицк аймақтық әкімі Карабалин Талғат Сұлтанғалиұлы шақырылды.Кешті жүргізушілер 4-сыныптың оқушылары Аскерова Назерке,Көкше Нұрай ашты.

 

Құттықтау сөздер жергілікті әкім Карабалин Т.С,мектеп басшысы Ағбаева Б.Қ берілді. Кейін мұғалім Нұртаева Р.Н оқушылармен ұйымдастырған мерекелік бағдарламасы тыңдалды. 4-сынып оқушылары «Менің ата-әжем»атты әндерін шырқады.

 

 

 Әжелер оқушыларға шашу шашты.Қарт әже Нүрпеисова Түлкібай оқушыларға бата берді.Іс-шараның екінші бөлімі мектеп ұжымы дайындаған дастарханда жалғасты.Соңында ата-әжелер алғыстарын айтып,естелік фотаға түсіп,үйлеріне көңілді тарады.

Сонымен қатар қазан айында алғаш рет «Нан күні»аталып өтті. Ата-аналарының арнайы ұннан жасалған нан тағамдарының әр түрі дайындалды.

Мақсаты: еңбекті бағалау,еңбекке баулу арқылы ас атасы нанға деген құрметтерін арттыру.

 

Қазан айының 21-25 аралығында ашық сабақтар өтті.

 

 

 

 

                    

І- тоқсан соңында «Алтын күз» мерекесі табиғат аясында өткізілді.

 

 

  «Қысқы кезеңдегі қысылтаяң төтенше жағдайлар кезіндегі әрекеттер» бойынша оқушылар арасында сынып сағаты өтті.

              Қатысқандар: 1-4 сынып оқушылары

 

Мақсаты: Балаларды еңбекке баулу, қызығушылықтарын арттыру. Жыл мезгілдері туралы түсінік беру, әр жыл мезгілінің ерекшеліктерін түсіндіру.

Көрнекіліктер: суреттер, қыс мезгілі, қауіпсіздік таратпа қағаздар

Әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, түсіндіру, көрсету, талдау.

 Сынып сағатын шаттық шеңбермен бастау. 

 

Балалар сурет салып, әр бала өзінің салған суреті бойынша әңгімеледі.

Сұрақ - жауап.

- Қазір жылдың қай мезгілі?

- Балалар, алғаш сабаққа келген күндеріңді естеріңе түсіріңдер. Сонда сендер қалай киініп келдіңдер?

- Ал қазір қалай киініп жүрсіңдер?

- Қыс несімен қызық?

- Қыста біз не жасаймыз?

 

КӨК ТАЙҒАҚ КЕЗІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК.

Көкмұз - бұл қалың мұздың беті, көкмұз жерде, тротуарларда болады. Көкмұз - ауа температурасы 0С-ден - 3 С пайда болады, мұздың қалыңдығы бірнеше см. жетеді.

• Мұздақ - жер үстінде пайда болатытн мұздың жұқа қабаты, күн суығаннан кейін, не жаңбырдан кейін пайда болады.

• Мұздақ үстінде жүргенде табанды нық басып, асықпай, тізені бос қолды ұстап жүру керек.

• Асығу - көкмұз үстінде құлауға әкеліп соқтырады.

"Қар жинау" ойыны

- Сабақтың соңында балалар қыс туралы өлең оқып берді.

Нұрай:

Шыңнан сырғып түсті де,

Келді етекке қыс, міне.

Ақ қарлар ақ көбелек,

Қонды үйлердің үстіне.

Назгүл:

Боран соғып бірде өкпек,

Үйге айдады кір деп тек.

Мұз көрпеге оранды,

Сулар тоңып дірдектеп.

Ақерке:

Аулаға қар үйгізді

Бетті аязға сүйгізді.

Тоңбасын деп теректер,

Қырау ішік кигізді.

Назерке:

Басыпты енді арынын,

Боран түнде бұрқаған

Түсі де қыс қарының

Аумайды екен ұлпадан.

Бағалау оқушыларды мадақтау.

 

Фотоесеп

 

   

 

 

 1-желтоқсан тұңғыш Президент күніне арналған «Менің тұңғыш Президентім» атты мерекелік іс-шара өтті.

 

   Биылғы жаңа жыл ерекше өткізілді. Көкшетау қаласынан  Ш.Құсайынов атындағы қазақ драмтеатрының актерлері арнайы келіп,балаларды қызықты бағдарламасымен қуантты.

 

        

                         

 

 

    

                                                                                                     

  Сондай-ақ жоспарға сәйкес мектебімізде «Алтын күз»,»Ұстазым,менің ұстазым!» т.б іс-шаралар уақытында өткізілді. ІІ- жартыжылдыққа жоспарланған шаралар алдағы уақытта ұйымдастырылып,өтеді. 

     

 

              Мектеп меңгерушісі:                    Б.Ағбаева

 

Жаңартылған күні: 24.01.2020 11:34
Құрылған күні: 24.01.2020 11:34

Текст