Эссе
Мен жемқорлыққа қарсымын!
Жемқорлық деген түсінік мен үшін кез-келген нәрсені «параға сатып алу» деген мағынаны білдіреді.
Елімізде жемқорлықпен күрес өте қатаң жүргізіліп келеді.Көптеген заңдар қабылданды.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай «Жемқорлыққа қарсы заңдарды жетілдіру арқылы жемқорлықпен күресті қатты күшейтуіміз керек!» Біз,Қазақстанның болашағы ретінде болашақта сыбайлас жемқорлыққа жол бермейміз.Осы мақсатта мектебімізде «Адал ұрпақ»еріктілер клубы құрылып,жұмыс атқарудамыз.Сынып сағаттарында түрлі тақырыпта әңгімелер,дөңгелек үстелдер өткізіледі.Сыныптар арасында «Жемқорлыққа жол жоқ!» атты тақырыпта сурет көрмесі өтті.Барлық оқушылар өз ойларын,түсініктерін қағаз бетіне түсірді.Өзімнің ойымды мынадай өлең жолдарымен қорытындылағым келіп тұр:
Егеменді өсер елде тұрам мен,
Білдіремін сезімімді жыр - әнмен.
Жолыменен Елбасының жүрейік,
«Жемқорлыққа жол жоқ!» - деген ұранмен.
Қажыбай Еркежан
Қарсақ БМ 4- сынып оқушысы
Эссе
Жемқорлыққа жол жоқ!
Жемқорлық дегеніміз ол пара алу.Қазіргі таңда көптеген ұйымдарда пара алып жатады.Ол дұрыс емес деп есептеймін.Менің ойымша пара алуды тоқтату керек.Оған белсене ат салысу керек. Біздің мектебімізде де жемқорлыққа қарсын деген іс-шаралар өтуде.
Сансызбай Нарқыз.
Қарсақ БМ 3 - сынып оқушысы
Эссе
Мен жемқорлыққа қарсымын!
Жемқорлық қоғамда ауыр дерт.Онымен күресу әр адамның міндеті.Жемқорлық болмау үшін,әр адамның білімі,мәдениеті, көзқарасы,санасы жоғары болу керек.
Көкше Шыңғыс
Қарсақ БМ 4- сынып оқушысы
Эссе
Мен жемқорлыққа қарсымын!
Бүгінгі таңда сыбайлас жемқорлық қоғамымызды қатты алаңдатып отыр. Бұл келеңсіз жағдайлардың бірі екені еш жасырын емес.Осы қылмыс түрімен қоғам болып күресу үшін көп жұмыстар жүргізілуде. Құқық қорғау органдарымен сот жүйесі де осы бағыт бойынша заңдарды жетілдіріп қана қоймай,жемқорлықтың алдын-алуға баса назар аударып отыр.Жемқорлықты болдырмау үшін әр адам өзін-өзі бақылап,түзу жолмен жүру керек деп ойлаймын.
Кәрім Мақсат
Қарсақ БМ 4- сынып оқушысы
Эссе
Мен жемқорлыққа қарсымын!
Менің ойымша жемқорлық деген сөздің мағынасы жаман дегенді білдіреді.Бір нәрсеге қол жеткізу үшін арамдықпен сатып алады.Мектепте жемқорлық туралы сынып сағаттары өтті,біз тақырып бойынша суреттер салып,әңгіме жүргізілді.Елімізде заңдар қабылданып жатыр.Мен де осы ойларды қолдап,келешекте адал өмір сүру үшін күресемін.
Балтабай Бейсен
Қарсақ БМ 3- сынып