«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Қарсақ ауылының бастауыш мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Начальная школа села Карсак отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2019-2020 оқу жылындағы тәрбие жұмысының сараптамасы

Ата-ана, ұстаздар алдына қойылатын негізгі оқу-тәрбие мақсаты – жас жеткіншектерді жан-жақты етіп тәрбиелеу. Жан-жақты тәрбиелеу дегеніміз – баланың ақыл-ойына, эстетикалық талғамына, дене бітіміне, сонымен қатар айналадағы өмірге деген көзқарасына ықпал ету. «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы» дейді Әбу Насыр әл-Фараби өз қағидасында.    
 

   Мектептегі тәрбие жұмысында өткізілетін түрлі іс-шаралар,ертеңгіліктер,ойындар  мұғалімдердің жоспарынан тыс қалмайды. Әр мұғалім қызықты етіп, оқушы талғамына, жас ерекшеліктеріне қарай жоспарлап өткізеді.

  Оқушыларымыз үлкенді сыйлап, кішіге ізет көрсете біледі. Ол біріншіден отбасындағы тәрбие ата-анадан болса, екіншіден ұстамды болуға үйрететін ұстаздардан. Ұстаздарының еңбегін оқуда да, өнерде, спортта да ақтап жүрген оқушыларымыз аз емес.

  Барлық жоспарлаған шараларды  кейде өткізу мүмкін болмай қалатын кездер де болады. Бірақ біз үлкен ізденіспен алға қадам басудамыз. «Өзгені үйрете жүріп, өзіміз де үйренеміз» дегендей оқушылармен бірге ұжымдық шығармашылық бағытта жұмыстар атқарудамыз.

  Мектепте жаңа 2019-2020 оқу жылына «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру туралы жоспар құрылып,бекітілді.Жоспар бойынша барлық бекітілген іс-шаралар уақытында өткізіліп отыр.

 1-қыркүйек «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» мақаласы аясында «Білім күніне» арналған салтанатты жиын өткізілді.

 

  Бекітілген жоспар бойынша «Рухани жаңғыру» мақаласы аясында 1-4 сынып оқушыларына алғашқы «Саналы ұрпақ-жарқын болашақ»атты ашық тәрбие сағаты өткізілді.

 

  Қыркүйек айының 5-18 аралығында рухани жаңғыру аясында «Ананың тілі-жүректің үні» атты тілдер мерекесінің онкүндігі өтті.5 қыркүйек тілдер мерекесінің салтанатты  ашылуымен мектеп басшысы Баян Қажыбайқызы құттықтады.

 

 

 

 Оқушыларды құрылған жоспармен таныстырды.Әр күнде жоспарға сай іс-шаралар өтіп отырды. Сынып жетекші Роза Нұрмәдиқызының ұйымдастыруымен 1-4 сыныптар арасында сынып сағаты өтті.

 «Әрқашан күн сөнбесін»ойыны арқылы күн сәулесіндегі сұрақтар мен жұмбақтарды шештірді.Оқушылар өздерінің өлеңдерін оқыды.

  2-6 қыркүйек аралығында мектепте «Денсаулық апталығы»өткізілді.Іс-шараға 1-4 сынып оқушылары қатысты.Апталық күндегі таңғы жаттығудан басталып отырды.Жоспар құрылып,бекітілді.Әр күн жоспар бойынша жұмыстар ұйымдастырылып өтіп отырды.

  Мақсаты:

-жас ұрпаққа адам денсаулығының қымбаттылығын,,өмір сүру үшін қажетті бағалы байлық екендігін түсіндіру.

-денесін шынықтыруға,шымыр да шапшаң,ұқыпты да жинақы,әдемі болуға тәрбиелеу.

 

 

 

 

  Мектебімізде 6-14 қыркүйек аралығында «Отбасы-бақыт мекені»атты апталық өтті.

Мақсаты: бала тәрбиесіндегі ата-ананың  алатын орны ерекше екендігін түсіндіру.Отбасы мүшелері арасындағы бауырмалдық,достық қарым-қатынасты қалыптастыру,отбасы мемлекетіміздің бір бөлшегі екенінұғындырып,оқушыларды ынтымақ пен ұжымға тәрбиелеу.

 Әр күн оқушылармен бекітілген жоспар бойынша іс-шаралар өтіп отырды.

Сынып жетекші Нұртаева Р.Н «Отбасы-бақыт мекені» атты ашық сынып сағатын ұйымдастырып өткізді.Оқушылардың ата-аналары қатысты.Сынып жетекші Ағбаева Б.Қ Отбасы тәрбие бастауы»атты баяндама оқыды.Сынып сағатында оқушылар бірнеше тапсырмалар орындады.Отбасы туралы мақал-мәтелдер,өлең оқыды.Іс-шараның екінші бөлімі сайыс түрінде өткізілді.Баян қажыбайқызы ата-аналармен оқушыларды шаттық шеңберіне шақырып бірнеше тапсырмалар жүргізді.Әр отбасы өздерін таныстырды.әділқазылар сайланды.Өнерлерін көрсетті.Ертегілер айтылды.Дәм-думан,сән үлгілері көрсетілді.Әр ата-ана алдын ала оқушылардың салынған сурет көрмесінен өз баласының суреттерін тауып алды.Мереке соңында әр отбасына номинациялар бойынша мадақтама табыс етті.Іс-шара дастарқан басында өз жалғасын тапты.

 

 

 

 

 

    

 

   

 

 

 

Үлкенді сыйлау,оларға құрмет көрсету-ата-бабадан келе жатқан салтымыз.

   Жылдағы дәстүр бойынша 17- қазан күні мектепте «Қарттарын қадірлеген ел ардақты»атты тәрбиесі зор  іс-шара өтті. Шараға мектебіміздің ардагерлері Байболов Қаирбек пен Нұртаева Боталай,оқушылардың ата-әжелері және Троицк аймақтық әкімі Карабалин Талғат Сұлтанғалиұлы шақырылды.Кешті жүргізушілер 4-сыныптың оқушылары Аскерова Назерке,Көкше Нұрай ашты.

 

Құттықтау сөздер жергілікті әкім Карабалин Т.С,мектеп басшысы Ағбаева Б.Қ берілді. Кейін мұғалім Нұртаева Р.Н оқушылармен ұйымдастырған мерекелік бағдарламасы тыңдалды. 4-сынып оқушылары «Менің ата-әжем»атты әндерін шырқады.

 

 

 Әжелер оқушыларға шашу шашты.Қарт әже Нүрпеисова Түлкібай оқушыларға бата берді.Іс-шараның екінші бөлімі мектеп ұжымы дайындаған дастарханда жалғасты.Соңында ата-әжелер алғыстарын айтып,естелік фотаға түсіп,үйлеріне көңілді тарады.

 

 

 «Қысқы кезеңдегі қысылтаяң төтенше жағдайлар кезіндегі әрекеттер» бойынша оқушылар арасында сынып сағаты өтті.

              Қатысқандар: 1-4 сынып оқушылары

 

Мақсаты: Балаларды еңбекке баулу, қызығушылықтарын арттыру. Жыл мезгілдері туралы түсінік беру, әр жыл мезгілінің ерекшеліктерін түсіндіру.

Көрнекіліктер: суреттер, қыс мезгілі, қауіпсіздік таратпа қағаздар

Әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, түсіндіру, көрсету, талдау.

 Сынып сағатын шаттық шеңбермен бастау. 

 

Балалар сурет салып, әр бала өзінің салған суреті бойынша әңгімеледі.

Сұрақ - жауап.

- Қазір жылдың қай мезгілі?

- Балалар, алғаш сабаққа келген күндеріңді естеріңе түсіріңдер. Сонда сендер қалай киініп келдіңдер?

- Ал қазір қалай киініп жүрсіңдер?

- Қыс несімен қызық?

- Қыста біз не жасаймыз?

 

КӨК ТАЙҒАҚ КЕЗІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК.

Көкмұз - бұл қалың мұздың беті, көкмұз жерде, тротуарларда болады. Көкмұз - ауа температурасы 0С-ден - 3 С пайда болады, мұздың қалыңдығы бірнеше см. жетеді.

• Мұздақ - жер үстінде пайда болатытн мұздың жұқа қабаты, күн суығаннан кейін, не жаңбырдан кейін пайда болады.

• Мұздақ үстінде жүргенде табанды нық басып, асықпай, тізені бос қолды ұстап жүру керек.

• Асығу - көкмұз үстінде құлауға әкеліп соқтырады.

"Қар жинау" ойыны

- Сабақтың соңында балалар қыс туралы өлең оқып берді.

Нұрай:

Шыңнан сырғып түсті де,

Келді етекке қыс, міне.

Ақ қарлар ақ көбелек,

Қонды үйлердің үстіне.

Назгүл:

Боран соғып бірде өкпек,

Үйге айдады кір деп тек.

Мұз көрпеге оранды,

Сулар тоңып дірдектеп.

Ақерке:

Аулаға қар үйгізді

Бетті аязға сүйгізді.

Тоңбасын деп теректер,

Қырау ішік кигізді.

Назерке:

Басыпты енді арынын,

Боран түнде бұрқаған

Түсі де қыс қарының

Аумайды екен ұлпадан.

Бағалау оқушыларды мадақтау.

 

Фотоесеп

 

   

 

 

 1-желтоқсан тұңғыш Президент күніне арналған «Менің тұңғыш Президентім» атты мерекелік іс-шара өтті.

 

   Биылғы жаңа жыл ерекше өткізілді. Көкшетау қаласынан  Ш.Құсайынов атындағы қазақ драмтеатрының актерлері арнайы келіп,балаларды қызықты бағдарламасымен қуантты.

 

        

                         

 

 

    

                                                                                                     

  Сондай-ақ жоспарға сәйкес мектебімізде «Алтын күз»,»Ұстазым,менің ұстазым!» т.б іс-шаралар уақытында өткізілді. ІІ- жартыжылдыққа жоспарланған шаралар алдағы уақытта ұйымдастырылып,өтеді.  

     

 

              Мектеп меңгерушісі:                    Б.Ағбаева

Жаңартылған күні: 24.01.2020 12:17
Құрылған күні: 24.01.2020 12:17

Текст