2019-2020 оқу жылы
«Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы әлемдік кеңістікке шыққан егемен елімізді жаңа жетістіктерге бастайтын,ұлтымызды ұлы мұраттарға ұмтылдыратын тарихи маңызды құжат.Адамзаттық құндылықтарды алтын арқау еткен,ұлттық мәдениетіміздің бай қазынасын қадірлеуге негізделген бұл мемлекеттік бағдарламажастардың жан-дүниесін біліммен байытуға,ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеуге ,руханиятымызды өсіруге бағытталған.
Мектепте жаңа 2019-2020 оқу жылына «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру туралы жоспар құрылып,бекітілді.Жоспар бойынша барлық бекітілген іс-шаралар уақытында өткізіліп отыр.
1-қыркүйек «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» мақаласы аясында «Білім күніне» арналған салтанатты жиын өткізілді.
Бекітілген жоспар бойынша «Рухани жаңғыру» мақаласы аясында 1-4 сынып оқушыларына алғашқы «Саналы ұрпақ-жарқын болашақ»атты ашық тәрбие сағаты өткізілді.
Қыркүйек айының 5-18 аралығында рухани жаңғыру аясында «Ананың тілі-жүректің үні» атты тілдер мерекесінің онкүндігі өтті.5 қыркүйек тілдер мерекесінің салтанатты ашылуымен мектеп басшысы Баян Қажыбайқызы құттықтады.
Оқушыларды құрылған жоспармен таныстырды.Әр күнде жоспарға сай іс-шаралар өтіп отырды. Сынып жетекші Роза Нұрмәдиқызының ұйымдастыруымен 1-4 сыныптар арасында сынып сағаты өтті.
«Әрқашан күн сөнбесін»ойыны арқылы күн сәулесіндегі сұрақтар мен жұмбақтарды шештірді.Оқушылар өздерінің өлеңдерін оқыды.
2-6 қыркүйек аралығында мектепте «Денсаулық апталығы»өткізілді.Іс-шараға 1-4 сынып оқушылары қатысты.Апталық күндегі таңғы жаттығудан басталып отырды.Жоспар құрылып,бекітілді.Әр күн жоспар бойынша жұмыстар ұйымдастырылып өтіп отырды.
Мақсаты:
-жас ұрпаққа адам денсаулығының қымбаттылығын,,өмір сүру үшін қажетті бағалы байлық екендігін түсіндіру.
-денесін шынықтыруға,шымыр да шапшаң,ұқыпты да жинақы,әдемі болуға тәрбиелеу.
Үлкенді сыйлау,оларға құрмет көрсету-ата-бабадан келе жатқан салтымыз.
мақсатпен жылдағы дәстүр бойынша 17- қазан күні мектепте «Қарттарын қадірлеген ел ардақты»атты тәрбиесі зор іс-шара өтті. Шараға мектебіміздің ардагерлері Байболов Қаирбек пен Нұртаева Боталай,оқушылардың ата-әжелері және Троицк аймақтық әкімі Карабалин Талғат Сұлтанғалиұлы шақырылды.Кешті жүргізушілер 4-сыныптың оқушылары Аскерова Назерке,Көкше Нұрай ашты.
Құттықтау сөздер жергілікті әкім Карабалин Т.С,мектеп басшысы Ағбаева Б.Қ берілді. Кейін мұғалім Нұртаева Р.Н оқушылармен ұйымдастырған мерекелік бағдарламасы тыңдалды. 4-сынып оқушылары «Менің ата-әжем»атты әндерін шырқады.
Әжелер оқушыларға шашу шашты.Қарт әже Нүрпеисова Түлкібай оқушыларға бата берді.Іс-шараның екінші бөлімі мектеп ұжымы дайындаған дастарханда жалғасты.Соңында ата-әжелер алғыстарын айтып,естелік фотаға түсіп,үйлеріне көңілді тарады.
1-желтоқсан тұңғын президент күніне арналған «Менің тұңғыш Президентім» атты мерекелік іс-шара өтті.
Мектепте қыркүйек,қазан,қараша айына жоспарлаған «Рухани жаңғыру» аясында өткізілген тағы да мерекелер,»Отбасы күні», «Ұстазым», «Аяулы күз» атты мерекелер өте қызықты,тартымды ұйымдастырылып өтті.Сынып жетекшілердің ұйымдастыруымен «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру бағдарламасының аясында «Қарсақ ауылының 100 жылдық тарихы» атты сынып сағаты өтті. Ондағы мақсат өсіп келе жатқан жас жеткіншектерге өз туған ауылының тарихы жөнінде,соғыс ардагерлердің ерліктері мен еңбек ардагерлерінің жасаған игі істері туралы жеткізу.Іс-шара өте тартымды,оқушылар өз аталары,ағалары,әжелері туралы көптеген мәліметтер алды.
Алдағы уақытта «Рухани жаңғыру» шеңберінде іс-шаралар жоспар бойынша орындалады.
Мектеп меңгерушісі: Б.Ағбаева