Суды үнемде -болашақты сақта!
Су-тіршілік көзі,сусыз өмір сүру мүмкін емес.Өкінішке орай ,әлемде судың қоры шектеулі.Сол себепті әрқайсымыз оны үнемдеп,тиімді пайдалануға өз үлесімізді қоса аламыз.
Планетамыздың 70%-дан астам бөлігін су алып жатыр.Жер бетінде су көп секілді көрінгенімен ,БҰҰ дерегі бойынша адамзатқа қолжетімді тұщы су әлемдегі жалпы су қорының 1% -ынан да кем.
Ауыз сусыз адамдар да,жан-жануарлар мен өсімдіктер де өмір сүре алмайды.
Елімізде су тапшылығын болдырмау үшін оны тиімді пайдалану керек.Біз не істей аламыз?Ең бастысы суға деген көзқарасты өзгерту!Әрқайсымыз бағалы ресурсты сақтауға өз үлесімізді қоса аламыз.Күнделікті өмірде ,өндірісте ,ауылшаруашылығында суды үнемдеуді үйренсек ,еліміздегі су дағдарысының алдын алуға болады.
2023 жылдың 1-қыркүйегінде Президенттің Жарлығымен Су ресурстары және ирригация министрлігі құрылды.Министрлік құрылған күннен бастап біз еліміздің су ресурстарын қорғау және сақтау іс-шараларын әзірлеуге кірістік.
Суды үнемдеу үшін :
1.Тіс тазалаған кезде суды өшіріңіз-бұл бірнеше есе су шығынын азайтады.
2.Крандардың техникалық жағдайын тұрақты тексеріңіз.
3.Кір жуатын және ыдыс жуатын машиналарды тек толық жүктемемен ғана қосыңыз.
Егер әрқайсымыз осы қарапайым ережелерді сақтай бастасақ,біз су шығынынын едәуір азайтып,оны болашақ ұрпаққа сақтай аламыз.
Құрметті оқушылар!Біз табиғи ресурстарға бай ,әдемі мемлекетте тұрамыз.Бірақ сусыз біздің еліміздің де,жалпы адамзат баласының дамуы мүмкін емес.
Сондықтан бүгіннен бастап үйде,мектепте,далада суды үнемдеу керек.
Суды үнемдеп-болашақты сақтаңыз!