Қарсақ бастауыш мектебі
Жол қозғалысының қауіпсіздігі
Ақпарат
2018-2019 оқу жылы
Мектепте 12-18 қараша күндері «Жол қозғалысының қауіпсіздігі»тақырыбына апталық өтті.
Мақсаты: Жолда жүру ережесін есте сақтауға, бағдаршамның, жол белгілерінің атқаратын қызметі қандай екенін үйрету. Жол ережесін есте сақтау қабілетін, қызығушылықтарын арттыру, барлығымызға ортақ қойылған тәртіпті бұзбауға тәрбиелеу.
1-4 сынып оқушыларына сынып жетекші Нұртаева Р.Н ұйымдастыруымен сынып сағаты өткізілді.
Кіріспе:
Қазіргі таңда елімізде әр түрлі көліктер жылдан-жылға көбейіп келеді. Жаяу адамдар мен көліктегі жолаушылар саны да көбейе түсуде. Көшелер мен жолдардағы жағдай барған сайын күрделеніп келеді. Жол-көлік оқиғаларының қаупі арта түсуде. Сондықтан да жүргізушілер мен жаяу адамдардың көшелер мен жолдарда ерекше тәртіпті және мұқият болуы қажет. Жол-көлік оқиғаларының зардабынан көбіне адамдар зардап шегуде. Оқушыларға ақпараттан кейін өз ойларын сурет бойынша,эссе жазу арқылы тапсырылды.Оқушылардың жұмыстары арнайы бұрышқа ілінді.
Жол тәртібін білейік
Аман есен жүрейік!
Балаларды жол ережесімен таныстырып,бағдаршам туралы мағлұмат беріп, қай жерде жүрсе де жолда жүру ережесін сақтап, басқаларды да соған шақырыңдар деп ескертті.
Мектеп меңгерушісі: Б.Қ.Ағбаева