«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Қарсақ ауылының бастауыш мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Начальная школа села Карсак отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Сынып сағаты

13.08.2019

Жүргізуші:

 

  Бүгінгі күн- көптен куткен салтанатты күн, зымыраған уақыттың қанатында

Жеңістің міне 73 – көктемі де келіп жетті.

 

Жүргізуші:

 

  Құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар!

Биылғы жылы 9 –мамыр күні  Ұлы Жеңіске  73–жыл толып отыр. Бұл күн ел басына күн туған кезде, ер етегімен су кешіп, ат ауыздықпен су ішкен қиын заманда, елі жері үшін жанын аямай, Отанымыздың абыройын, бостандығы мен тәуелсіздігін қорғаған бабаларымыздың күні.Біз бақытты ұрпақпыз. Себебі, біз де, біздің әкелеріміз де соғысты көрген жоқ. Ал бізге, бейбіт те бақытты өмір сыйлаған, кеудесін отқа төсеп, ерлікпен жеңіске жеткен батыр бабаларымыз. Олардың көпшілігі біздің арамызда жоқ. Бірақ, есімдері мен ерліктері біздің жадымызда.

 

Жүргізуші:

  Бүгінгі Ұлы Жеңістің 73 жыл толуына арналған « Жасасын, Жеңіс күні! » атты салтанатты митингімізді ашық деп жариялаймыз!

 

                   Гимн

 

Жүргізуші:

 

  Осындай бақытты күнді елі мен жері үшін арыстандай алысқан жеңімпаз жауынгерлер біз үшін, келер ұрпақ үшін сыйлады. Сондықтан да, бұл күні барлығымыз Отан үшін мерт болған қаһармандардың ерлік рухына бас иіп, көзі тірі ардагерлерге құрмет көрсетейік.

 

Құттықтау сөз ауыл

әкімі Карабалин Талғат Сұлтанғалиұлына беріледі.

 

---------------------------------------------------------------------------------

Жүргізуші:

 

  Бұл жылдары жүрегі Отаным деп соққан әр азамат барынша күресе білді. Әрбір азамат өз Отанына деген антын орындап шықты. Олай болса сұрапыл соғыс және елін, жерін қорғаған майдангерлер туралы өлең жолдарын тыңдау үшін оқушыларға сөз кезегін берейік.

                                    

                   Оқушылар:

 

Жүргізуші:

 

 Жеңіс күні бәріміз үшін айрықша қымбат, қасиетті мереке. Бұл тек, сол соғыста жеңіске жеткенімізді атап өтетін күн ғана емес. Ол  сол соғыста Жеңісті жақындату үшін жан аямай шайқасып, қан майданнан оралмай, еліміздің берік қорғанындай болып қалған арыстарымызды еске алатын күн.

 

Құттықтау

сөз--------------------------------------------------------------------------------

 

 

Жүргізуші: 

 

  Жеңістен соң қаншама арман мен үміт ұрыс даласында  жер бауырлап қалды. Әр жеңістен соң ананың көзінен аққан гаухар тамшы омырауында қақ болып қатты.

 Жеңіс осылай келгендігі, қырманға суырылған әр дән, аталардың жауға қарсы

кезенген қаруына оқ болып енгені, бәрі де қымбат. Кейінгі ұрпаққа қолмен нұсқап, «Әне, Отан үшін от кешкен аталар, соған ұқсап бақ!»  деп айта алатын кезеңдеміз. Сол үшін де бақыттымыз!

 

Жүргізуші:

 

   Жас ұрпақ сіздердің алдарыңызда борышты. Олар сіздер қасық қандарымыз қалғанша күресіп, жаудан аман-есен қалған бейбітшілік құнының баға жеткісіз қымбат екендігін біліп, оны өмір бойы аялап өтеді.

 Біз,  Сіздер сияқты жеңген, жеңімпаз әкелердің ұрпағы екенімізді әрдайым мақтан етеміз.

 Біз, халықтар арасындағы достық пен бірлікті қастерлеген аға ұрпақтың жалғасы екенімізді мақтан етеміз. Біз, сіздердің сол сұрапыл соғыстан аман шығып, бүгінгі ұрпақты береке- бірлікте, тату- тәтті тірлікке тәрбиелеу ісіне ат салысып жүргендеріңізді мақтан етеміз. Біз бүгінгі ұрпақ өкілдері олардың өлмес рухына арқашан да бас иеміз.

 

           1 минуттық  үнсіздік.

 

Жүргізуші:

 

  Ардагерлеріміздің ерен ерліктері арқасында біз бүгін бейбіт өмір, бақытты

ғұмыр кешудеміз. Ұлы Отан соғысы біздің халқымыздың, аға буын өкілдерінің,әкелеріміз бен аналарымыздың биік рухын, ерлігі мен қаһармандығын әлемге танытқан қасіретті соғыс болса, Ұлы Жеңіс аға ұрпақтың Ұлы ерлігін мәңгілікке ел жадында сақтауға арналған ең қастерлі мереке.

 

          /гүлдерді қою/

 

Жүргізуші:

 

   Құрметті ауылдастар! Сіздерді осындай тамаша мереке- Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Баршаңызға мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, зор бақыт, бейбіт өмір мен береке бірлік тілеймін.

Бүгінгі Ұлы Жеңіске 73 жыл толуына арналған салтанатты митингті жабық деп жариялаймын.

 

Просмотров: 336


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст