Қарсақ
бастауыш мектебі
2017-2018 оқу
жылы
Жасөспірімдер
арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алуы туралы есеп
Құқықбұзушылықтың
алдын-алудың негізгі мақсаты-тұлғаның санасындағы,әрекетіндегі құбылмалы
өзгерістерді шектеп,оның өзгерілуіне жол бермеу.Ал,құқықтық тәрбиенің негізгі
мақсаты-заң нормаларына бағынатын,өз міндеттерін мойындайтын,заң тәртібін
бұзбайтын құқықтық санасы мен мәдениеті жоғары дәрежеде қалыптасқан құқықтық
мемлекеттің үлгілі азаматын тәрбиелеу.
Мектеп оқушысы іргелі білім алумен қатар өз
құқықтары мен міндеттерін белгілі бір дәрежеде білуі керек.Олар еліміздің Ата
Заңын құрметтеуге,заң ережелерін орындауға,адал еңбек етуге міндетті.Жасөспірім
тұлғасын қалыптастыруға тәрбиелік ықпал ететін мектеп,жанұя және қоршаған орта
екендігі анық.
Біздің мектепте де осы мәселеге байланысты
бірнеше іс-шаралар жүргізіліп өтті.Оқу жылының басында жоспарға бірнеше
тақырыптар енгізіліп,сынып сағаттарында өткізілді.Атап айтсақ, 3-сыныпта сынып
жетекші Б.Қ.Ағбаеваның ұйымдастыруымен «Заңды білу-заман талабы», 2-4 сынып
жетекшісі Р.Н.Нұртаеваның дайындығымен «Өз құқыңды білесің бе?» атты тақырыпта іс-шара өтті.
Сынып сағаттарының мақсаты:
Оқушылардың
құқықтық білімін арттыру.Құқық жайында ой жүйесін дамыту.Өз елінің «Ата Заңына»
бағына отырып,оны қорғап,құрметтеуге тәрбиелеу.Бұл тәрбиелі шаралар мемлекеттік
Әнұранмен басталды.Әнұран арқылы балалар еліне деген сүйіспеншіліктерін
білдірді.
«Менің атым кім және ол нені білдіреді» ойыны
ойнатылды.Ортаға әрбір бала шығып өзінің есімін таныстырып өтті.Әр бала шараға
белсенді қатысып,өз құқықтары туралы мәліметтер алды.Осындай шаралар әрі қарай
өз жалғасын табуда.
«Ел
болам десең,бесігіңді түзе» деп атамыз қазақ айтқандай,бүгінгі жастар еліміздің
болашағы.Жастар қоғамымыздың жүрек дүрсілі,өзегі.Есігінен енді аттап отырған
жаңа ғасырда ұлтымыздың өсуі де,өшуі де жастарға тікелей байланысты.Сондықтан
да білім алушы жастар Отанға деген сүйіспеншілік
патриотизм,танымыныңзаңдылықтарын игеру тиіс.Осыған орай ел Президенті
Н.Ә.Назарбаев «Бұл дүниеде біздің Отанымыз
бар,ол біздің –тәуелсіз Қазақстан».Жастар туған мемлекетімізді баянды
етуге,қуатын арттыруға,оның игілігіне қызмет етуге парыздар.Ол үшін әрбір жас
еліміздің тұтастығын,жеріміздің бүтіндігін,халқымыздың жарастығын аман сақтай
білу қаншалықты үлкен тарихи жауапкершілік екенін жан жақты сезіну керек»-деген
еді.
Мектеп
меңгерушісі:
Б.Қ.Ағбаева