Қарттарын қадірлеген ел ардақты
Құттықтаймыз мейрамыңмен аталар!
Әр күлгенің бізге бақыт саналар.
Еңбегіңді еш етпейтін өмірде,
Елің,жұртың, ұл мен қызың бағалар
Ана мейір күн көзімен пара-пар
Тұла бойға қуат болып таралар
Өміріме шуақ шашып әрқашан
Көп жасаңдар аталар мен аналар!
Үлкенді сыйлау,оларға құрмет көрсету-ата-бабадан келе жатқан салтымыз.
Осындай мақсатпен жылдағы дәстүр бойынша 17- қазан күні мектепте «Қарттарын қадірлеген ел ардақты»атты тәрбиесі зор іс-шара өтті. Шараға мектебіміздің ардагерлері Байболов Қаирбек пен Нұртаева Боталай,оқушылардың ата-әжелері және Троицк аймақтық әкімі Карабалин Талғат Сұлтанғалиұлы шақырылды.Кешті жүргізушілер 4-сыныптың оқушылары Аскерова Назерке,Көкше Нұрай ашты.
Құттықтау сөздер жергілікті әкім Карабалин Т.С,мектеп басшысы Ағбаева Б.Қ берілді.
Кейін мұғалім Нұртаева Р.Н оқушылармен ұйымдастырған мерекелік бағдарламасы тыңдалды. 4-сынып оқушылары «Менің ата-әжем»атты әндерін шырқады.
Әжелер оқушыларға шашу шашты.Қарт әже Нүрпеисова Түлкібай оқушыларға бата берді.Іс-шараның екінші бөлімі мектеп ұжымы дайындаған дастарханда жалғасты.Соңында ата-әжелер алғыстарын айтып,естелік фотаға түсіп,үйлеріне көңілді тарады.
Х.Жұмабаев ат.Қарсақ БМ меңгерушісі Ағбаева Б.Қ